Закрыть ... [X]

Эстафеталы? ойындар балаба?шада сценарий

ойындар Пәні:  Дене шынықтыру    Сыныбы: 3а-3ә     

Сабақтың   тақырыбы: «Эстафеталық  ойындар »

Сабақтың  мақсаты: 1.Оқушылардың  спортқа  деген  қызығушылығын

арттыру, эстафеталық  ойын  түрлерімен  таныстыра

отырып,оны  ойнау  әдістерін үйрету.

  1. Оқушылардың ептілігін, шапшаңдығын,төзімділігін

қимыл –күш  қабілеттерін  дамыту.

  1. Ойын кезінде  қауіпсіздік  ережесін   сақтауға,

татулыққа,ұйымшылдыққа,бірін –бірі  сыйлай

білуге  тәрбиелеу.

Түрі:  Эстафеталық   ойын.

Өтілетін  орны: Спорт  зал.

Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, секіргіш жіп,  ысқырық,

эстафета  таяқшасы,эстафеталық  ойындар жазылған  плакат.

-Құрметті   мұғалімдер  және   оқушылар!  Бүгінгі «Эстафеталық   ойындар»  атты  спорттық  жарысымызға   хош  келдіңіздер! Бұл  ойын эстафеталық  жарыс  түрінде  өтетін  болғандықтан  жарысқа  екі  топ (3сынып  оқушылары ) қатынасады.  Сонымен    жарысқа  қатысқалы    отырған  екі  топты :

3а-сыныбынан  құралған  «Жас  ұлан »тобын , 3ә сынып   құралған

«Жас  қыран» тобын   қошеметтеп  ортаға  шақырайық.

 Жарысқа  қатынасушы  топ  мүшелері  «Қаражорға» биімен  дене қыздыру   жаттығуларын  орындайды.

Ал,құрметті халайық!

Жарысты  енді  көріңдер

Әділқазы  алқасы,

Әділ баға беріңдер!,  дей  отырып   сайысымызға  әділ  баға  беретін   әділқазылар  алқасымен  таныстырайық.

Спорттық  жарысымыз  5  балдық  жүйемен  бағаланады.

«Қазақстанның  Республикасының   Гимні»  орындалады.

Сайыстың   бағдарламасы :

  1.   Таныстыру.  /Топтың  аты, ұраны/
  2. «Эстафета  таяқшасын  алып  жүгіру».  Қолында эстафеталық

таяқша бар алғашқы  ойыншы    кедергілер  арасымен   жүгіріп өтіп ,

белгіленген  жерге   жеткен соң  таяқшаны    келесі  ойыншыға

береді,осылай   ойын  жалғаса береді..

    III.     «Кім   жылдам?» Допты  кедергілер  арасымен  алып   белгіленген

жерге  ұрып  барып, қайтарында  жерге  ұрып  алып  қайтып,әріптесіне

беру.

  1. «Секіртпемен  жүгіру» Секіртпемен  секіріп  жүріп, кейін  қайтады да

келесі  ойыншыға береді.

  1. «Кім  мерген?» Допты   көтеріп  алып  жүріп,қабырғадағы  шарды

жарып   қайтып  допты  келесі  ойыншыға  беру.

Сергіту сәті: «Шеңбердегі  тілек»

Оқушылардың  шығармашылығына  кезек  берейік.

(1а  сынып  оқушысы  Айболұлы  Аслан )

Қорытынды:

Сөз  әділқазыларға  беріледі. Командалар  сап  түзеп  қатарға  тұрады.

Ұпай  санын  есептеп,жарысқа  қатысқан  командаларды  марапаттау.

Алматы облысы

Ұйғыр  ауданы

«Сүмбе  орта  мектебі  мектепке  дейінгі

шағын  орталығымен»  коммуналдық

мемлекеттік  мекемесі

Дене   шынықтыру  пәнінің

мұғалімі:  К.Алиева

  • Оқушыларды Macromedia Flash бағдарламасында мәтінмен жұмыс жасауды үйрету; Оқушыларды мәтінмен жұмыс жасау туралы білімдерін қалыптастыру

  • Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы жалпы мағлұмат алуға, танып - білуге қызықтыру, «Сүйемін» өлеңінің идеясы мен тақырыбын түсінуге және өлең құрылысын жан - жақты талдай білуге, сын...

  • Оқушыларды қазақ халқының дәстүріне деген сүйіспеншілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.

  • Наурыз қазақтың ұлттық мейрам екенін ашып көрсету; балалардың санасына халқына деген мақтаныш сезім ұялату; мерекеге байланысты ұлағатты сөздердің мағынасына қарай балаларды адамгершілікке, елін,...

  • Берілген материалдың мағынасын түсінеді, сөздерді жіктейді, есімдіктерді, демеулік шылауларды атап, мысалдар келтіре алады.

  • Қазақ халқының салт - дәстүріндегі бидің алатын орны, Шара Жиенқұлованың өмірімен және билерімен танысу. Оқушылардың музыка пәніне қызығушылығын дамыту, сүйіспеншілігін ояту арқылы әсемдікке...

  • - саяхат түрлері мен көліктерді сипаттай алады; - көліктің түрлерін ажыратып, олардың атқаратын қызметтерін атап береді.

  • Республиканың 1965 - 1985 жылдардағы қоғамдық - саяси өмірі жеке, жұптық, топтық жұмыс жасай отырып, өздігінен білім алады

Спорттық ойын-сауық. Тақырыбы: « Шынықсан – шымыр боласың »

2013-05-23, 3:35 PM
г.Семей Ясли - сад№7 "Ақ бота"
Нысанбаева Анар Темирболатовна
Спорттық ойын-сауық.
Тақырыбы: « Шынықсан – шымыр боласың »
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларды салауатты өмір сүруге қызығушылығын арттыру. Спортпен айналасудағы әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларының әдістерін үйрену, оларды қолдану. Салыстыру арқылы балалардың ой-өрісін дамыту. Ата-аналардың балабақшамен тығыз байланысын дұрыс жолға қою және ойындарға ата-аналардың белсене қатысып, ынтымақтаса жүргізілген жұмыстың нәтижелі болатындығын көз жеткізу.
Іс – шараға қажетті құралдар: доп, жалау, маскалар, орамал, арқан.

Барысы:
Спорт залына марш сазымен 2 топтың балалары екі қатарға бір-біріне қарама-қарсы тізіліп тұрды.(бір топтың балалары – жасыл киімде, екінші топтың балалары – сары киімде)
Жүргізуші: Бүгінгі эстафеталық жарысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып өтуді рұқсат етіңіздер.
Байскакова Д.С.- балабақшаның меңгерушісі;
Қошанова А.Д.- әдіскер;
Ташенова З.Ғ.- балабақшаның мейірбикесі.

Жүргізуші: Бүгін екі топ жарысқа түседі. «Мергендер», «Жүйріктер»
Эстафеталық жарысымыз 3 бөлімнен тұрады:
1 бөлім – «Таныстыру»
2 бөлім – «Жарыс түрлері»
3 бөлім – «Қимылды ойын»

«Мергендер»
Мерген, мерген, мергенбіз,
Бәрін көздеп жеңгенбіз.

«Жүйріктер»
Топты бастап жүретін,
Жүйріктерміз біз алды.
Жеңісті қолдан бермейтін
Жүйріктерміз біз мықты.

Жүргізуші: Ал, қане бір-бірімізді қостаймыз
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
1.Эстафеталық ойын: «Жалауды тез жеткіз»
Әр топтан 4 баладан шығады. Балалар жалауды ұстап кеглилердің арасынан жүгіреді, ата-аналар шармен секіріп барып қайтады.

2.Қимылды ойын: «Арқаннан секіру»

3.Эстафеталық ойын: «Әтештер сайысы»
Әр командадан 2ұл, 2қыз баладан шығады. 2 кіші шеңбердегі балалар бір-бірімен күш сынасады.

4 ойын: «Орамал тастамақ»

5.«Жүйрік ат»
Әр командадан 5 баладан шығады. Балалар үлкен доппен секіріп барып, жүгіріп қайтады. Ата-аналар кіші допты аяқтың арасынан қысып секіріп барып шелекке лақтырып дәлдеп түсіреді.

6.«Сиқырлы доптар»

Жүргізуші:Бүгін міне оң болып бәріміз жоғары боп күш – жігер намысымыз осылайша қуанышпен думандатып аяқталды халайық жарысымыз. Сөз кезегін әділқазыларға береміз.
Құттықтап, ата-аналарды «Алғыс хатпен» марапаттау.

Жүргізуші: Осылайша жарыс жолын тартамыз
Барлығымыз көңілді қайтамыз
Балаларды шынықтырған, жаттықтырған
Жаттықтырушы ағайға рахметімізді айтамыз!

Категория: | Добавил: | Теги:
Просмотров: 24369 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 3.2/15

Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ | ]

Саба?ты? та?ырыбы: Эстафеталы? ойындар.

Ма?саты: О?ушыларды салауатты?мір салтын насихаттау?а ж?не спортпен ш??ылданып т?ру?а ша?ыру, спорт?а деген?ызы?ушылы?ын арттыру. 

Міндеті:1.?рт?рлі спортты? ойын т?рлерімен таныстыру, т?сілдерін ме?герту;
2.О?ушыларды? икемділігі мен ептіліктерін, мергендік пен шапша?дылы??абілеттерін дамыту.

3. Адамгершілікке,?йымшыл болу?а  т?рбиелеу
Т?рі: жарыс саба?
?тілетін орны: Спорт зал 
К?рнекілігі: т?рлі-т?сті шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ыс?ыры?, уа?ыт?лшеуіш. 

Барысы: О?ушыларды сап?а т?р?ызу. Саба?ты? ма?сатын т?сіндіру. Орында т?рып б?рылу, ж?ру, ж?гіру, оларды? т?рлері. Тыныс алу жатты?улары, бой жазу жатты?уларын жасау. 
ІІ. Эстафеталы? жарыс:

«Кім жылдам» ойыныны? шарты: Жолда?ы кедергілерден ирек ж?гіру?дісі бойынша жылдам келу. Ескерту: Ойыншы м?реден толы? айналып, с?реге жеткенше ойын шартын толы? орындау?ажет. Команда ойыншылары?арсыласын жеткенше к?туі?ажет.

«?осая?» ойыныны? шарты: Допты (волейбол добы) ая? ортасына?ыстырып,?ос ая?пен секіріп апару. М?реге жеткен со?, жай ж?гіріспен с?реге дейін ж?гіру. Ескерту: Жарыс барысында доп т?сіп кеткен болса, ойын д?л сол жерден жал?асын табу керек.

«Ше?бердегі ж?п» ойыныны? шарты: Екі ойыншы берілген ше?бер ішіне кіріп, ж?п??райды. Тура ж?гіру?дісі бойынша жылдам ж?гіріп барып келеді.

Ескерту: Ойыншы м?реден толы? айналып, с?реге жеткенше ойын шартын толы? орындау?ажет. Команда ойыншылары?арсыласын с?реге жеткенше к?туі?ажет.

«Орнын ауыстыр» ойыныны? шарты: Команда?а бес спорт тая?шалары беріледі, оларды? бастап?ы орны «с?ре» болып саналады. Сол тая?шаларды ал?аш?ы бес ойыншы біртіндеп «м?реге» орнын?згертіп жеткізеді,?ал?ан бес ойыншшы спорт тя?шаларын?айтадан «с?реге» орнына жеткізеді. Ескерту: Ойыншы м?реден толы? айналады, команда ойыншылары?арсыласын с?реге жеткенше к?туі?ажет.

 «Допты жерге со?» ойыныны? шарты: Допты (баскетбол добы) жерге со?ып, кедергілер арасынан ирек ж?ру?дісімен жылдам серпіте апару. М?реге жеткен со?, жай ж?гіріспен с?реге дейін жылдам ж?гіру.

Ескерту: Жарыс барысында доп т?сіп кеткен болса, ойын д?л сол жерден жал?асын табу керек.

« Команда тізбегі» ойыныны? шарты: Команда м?шелері тізбек бойынша?атарласып т?рады. Топ басшысы берілген допты (волейбол добы) келесі ойыншы?а жо?арыдан береді. Ойын тізбек толы? тізбек орындал?анша жал?асады. Ескерту: Допты жерге т?сіруге болмайды. Доп жерге т?скен сайын?пай саны шегеріледі.

Ар?ан тартыс. Топты екі команда?а б?леміз. О?ушылар біріні? артына бірі т?рады.?атар т?р?ан екі тізбекті? арасы бір-бірінен 3-4?адамдай?ашы? болады. Тізбектерді? алдына сызы? сызылады. М??алімні? белігісімен о?ушылар тартысады, кім сызы?тан асыра с?йреп кетсе сол же?іске жетеді.

 ІV.?орыту б?лімі: а) Командаларды сап?а т?р?ызу.

?) Эстафеталы? жарысты? н?тижесі бойынша мада?тау.

б) Ж?лделі орындарды марапаттау.

Просмотр содержимого документа
«Эстафеталы? ойын »

Алматы облысы, Қарасай ауданы

Бекболат ауылы

"Балауса" балабақшасы

"Балдырған" тобының тәрбиешісі: Калдыкулова Райхан Эркинбаевна

Тақырыбы: Спорт - сенің серігің!
Мақсаты: Салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Спортқа деген қызығушылығын арттыру. Әр түрлі спорттық ойын түрлерімен танысу, тәсілдерін меңгеру. Балалардың икемділігі мен ептіліктерін, шапшаңдылық қабілеттерін дамыту. 
Түрі: Эстафеталық ойын 
Көрнекілігі: Үлкен резеңке доп, шарлар, доптар, кедергілер, жалаушалар,ысқырық, уақыт өлшеуіш. 

Барысы:

Жргізуші: Құрметті балалар! Бүгін біздің "Балдырған" тобында спорттық жарыс өтпекші. Балаларға сәт сапар тілейміз.

Сайысқа қатысатын балалардың кеуделерінде өз белгілері қыстырылған. Алдымен жүргізуші сайыс шарттарымен таныстырылады.

Сайысқа қатысушыларымен жеке таныстыру. Әр команданың ұранымен таныстыру.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын, 
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, балалар.

«Тұлпар» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Спортпен достас, жалқаулықпен қоштас. 

«Сұңқар» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз – біріміз үшін, біріміз – бәріміз үшін.

Ойын түрлері:

1.Тез адымда

2. Шебер

3. Кім жылдам?

4. Шегірткелер

5. Доппен  секіру.

1."Тез адымда"

Ойынның шарты: себеттен  себетке кедергілер арасымен ирелеңдеп жүгіріп барып себетке доптарды тасу.

2. "Шебер"
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу

3." Кім жылдам?"

Мәреге дейін кім бұрын жүгіріп барады.

4. "Шегірткелер".

 Бір бала қос аяқпен кедергілер арасынан секіріп барып, қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады.

5. "Доппен секіру".

Үрмелі резеңке доппен секіру.

ІІІ. Қорытынды бөлім 

Көрсетті міне өз өнерін балалар,
Сайыстың да соңы келіп таянар.
Жеңімпазды анықтайық қанекей,
Әділқазы сайысты әділ бағалар.

Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.

Спорт – көркі өмірдің,
Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайыс 

Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Түрі: Эстафеталық ойын 
Өтілетін орны: Спорт залы 
Көрнекілігі: түрлі-түсті шарлар, доптар,  кедергілер, жалаушалар, ысқырық. 
Барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі 
Шынықсаң шымыр боласың, 
Сауығып айдай толасың. 
Спортты серік ете біл, 
Жақсы азамат боласың. 
Жеңімпаз болу оңай ма, 
Арман болған талайға? 
Болмасаң да ұқсап бақ, 
Жарысқа түсіп қалайда. 
ІІ.Негізгі бөлім 
Құрметті әріптестер және кішкентай көрермендер бүгінгі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» спорттық сайысына қош келдіңіздер! 
Көңілді жарысқа  «Ақбота» және «Ақкөгершін» топ бүлдіршіндері қатысады.
Әр таңды бақытпенен аттырамыз 
Өнерді ой көгінде бақылаңыз, 
Сайысқа қатысуға енді ортаға 
топ бүлдіршіндерін шақырамыз. 
(әр топ өз орындарына келіп тұрады) 
Ал,құрметті халайық! 
Жарысты енді көріңдер 
Әділ қазы алқасы 
Әділ баға беріңдер! 
Сайысты бастамас бұрын,сайысымызға әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырайық. 
1. Мухлисова А.
2. Байниязова З.
3. Давлетбаева А.
Спорттық сайысымыз 5 баллдық жүйемен бағаланады. 
Сайыстың бағдарламасы 6 кезеңнен тұрады 

1. «Эстафета» 

2. «Кеңгуру» 

3. «Пингвин»

4. «Алтын қасық» 

5. «Кім шапшаң» 

6. «Кім күшті» 

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар! 
Сайысымызды бастаймыз. 
«Қыран» тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін! 
«Тұлпар»тобын ортаға шақырамыз 
Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты 
Бәрін жеңіп шықты 
І кезең: «Эстафета» 
Шарты: Әр топ қатысушылары жалаушаны алып мәреге дейін жүгіріп барып өз орынына келіп өзінен кейінгі қатысушыға жалаушаны тапсыруы қажет, қай топ бірінші мәреге жетсе сол топ жеңімпаз.

ІІ кезең: «Кеңгуру» 
Шарты: Балалардың алдына алжапқыш байлап, жеміс – жидектерді жинап өздеріне тиесіл себетке жинауы тиіс, қай топ көп жинаса,сол топ жеңімпаз.

IІІ кезең: «Пингвин»

Шарты: Допты аяқ арасына қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәреге жетуі тиіс, қай топ бірінші келсе сол топ жеңімпаз.

ІV кезең: «Алтын қасық» 

Шарты: Әр қатысушы теннис добын қасыққа салып алып, мәреге дейін жүріп барып,қайта келуі тиіс, қай топ мүшелері бірінші болып келсе сол топ жеңімпаз.
V кезең: «Кім шапшаң» 
Шарты: Үлкен батуд резеңкі доптың үстіне отырып секіріп жарысу. 
VI кезең: «Кім күшті» 
Шарты: Әр топтар жерде үріліп жатқан шарларды, үстеріне отырып жаруы тиіс қалдығын жинап себетке салуы керек қай топ көп шар қалдығын жинаса сол топ жеңімпаз. 
Қорытынды бөлім 
Жарыс заңы ежелден- 
Жеңімпазды анықтау 
Жеңімпаз болу шарты сол- 
Еңбектену,жалықпау 
Біреу озса сайыста, 
Біреу артта қалады 
Жеңілгендер ренжімей 
Тараса бізге жарады 
демекші сайысымыздың шарттары бойынша қорытынды шығарып жеңімпаздарды марапаттауға әділқазы алқасына сөз кезегін берейік.
Уа,халқым назар аудар денсаулыққа! 
Өмірде бақыттысың денің сау да. 
Денсаулық терең бақыт деген сөзді 
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да демекші 
Құрметті қонақтар! Келгендеріңізге көп-көп рахмет.

Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы  (спорттық ойын-сауық)
Мақсаты: Бір ортақ мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл-әрекетке жаттықтыру. Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен секіргіштікті дамыту.
Әдіс-тәсілдері: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, монтессори, дәстүрден тыс тәсілі.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кішкене доптар, шелектер, күректер, әуе шарлары, кубиктер, таяқшалар, шығыршықтар, орамалдар, жіптер, гүлдер, көбелектер, қыстырғыштар, кедергілер,кеглилер.
Жүру барысы: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, апайлар, бүлдіршіндер! Бүгінгі өткелі тұрған «Баланың денсаулығы-ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымызға қош келдіңіздер! Ендеше спорттық ойын-сауығымызды бастамас бұрын әділ-қазы алқасын таныстырып өтейін:
1. Балабақша меңгерушісі: Каримова Гүлнар апай.
2. Балабақша медбикесі: Молдағалиева Нәсіп апай.
3. Балабақша психологы: Көбенғалиева Айба апай.
Ендігі кезекте ортаға сайысқа қатысушы «Күштілер» және «Шымырлар» топтарын шақырайық. Балалар залға бірінің артынан-бірі тізбектеліп қолдарына жалау ұстап кіреді. Енді мен спорттық ойын-сауықтың кезеңдерімен тансытырып өтейін:

balabaksha-sporttik-oin-sauik
1. «Көңілді әуе шарлар» ойыны.
2. «Кім ұқыпты» ойыны.
3. «Түйілген орамал» ойыны.
4. «Күлімде, Күн» ойыны.
5. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны.
— Балалар екі қарсылас топ бір-бірлеріңе сәлемдемелеріңді жолдаңдар.
Сайысымызды бастаймыз. 1-ші кезең. «Көңілді әуе шарлар» ойыны. Ойын шарты: әуе шарларын қолымызға ұстап, кеглилердің арасымен өтіп, межені айналып, қайтарда жүгіп келу.
– Бәркелді балалар не деген шапшаңсыңдар.!
2-кезең. Келесі ойынымыз «Кім ұқыпты». Шартымен таныстырып өтейін: шығыршықтан секіріп, жерде жатқан көбелектерді жоғарыда тұрған гүлге оралған жіпке, аяқтың ұшы көтеріп, қолдарымызды созып қыстырғышты ашып ілу.
-Өте тамаша балалар!
3-ші кезең. «Түйілген орамал» ойыны. Ойын шарты: шығыршықтан ортасынан өтіп, отырғыштың үстінен түйілген орамалды алып келу.
Әділқазы алқасы әділ бағаларыңызды берсеңіздер!
4-ші кезең. Ойнайық та, ойлайықта ойнайық,
Күшімізді көрсетейік, сынайық –деп «Күлімде Күн» ойынын ойнайық. Шарты: Кубиктердің арасымен өтіп, шеңберге, шашылып жатқан таяқшалардан күн бейнесін құрастыру.
-Жарайсыңдар балалар қандай әдемі Күн!
5-кезең. «Шынығайық шымыр болайық» ойыны. Ойын шарты: мына қолымыздағы күрекке салынған допты жерге түсірмей шапшаң шелектің ішіне түсіреміз.
-Балалар сендер бүгінгі спорттық ойынға белсенді атсалыстыңдар.
Ендігі кезекті әділ-қазы алқасы сіздерге сөз берейін. Балалар жеңістерін құтты болсын. Әрқашан биіктерден көрне беріңдер.
Осымен «Балалардың денсаулығы- ұлт саулығы» атты спорттық ойын-сауығымыз тәмәмдалды. Басымыз аман, бауырымыз бүтін болсын! Келіп тамашалағандарыңызға рахмет.

загрузка...

Дайындық бөлім – 10 м.
Оқушыларды бойларына қарай бір қатар сап түзеп тұрғызу. Кезекшінің рапорты. «Бұрылу» бұйрық жаттығуларын қайталау. Бір орында оңға, солға, артқа бұрылу жаттығулар түрін орындау. Алаңды айнала жүру және жүгіру барысындағы жаттығулар түрін 1 - 2 минут жасаймыз. Алдыңғы сабақтардағы қол, иық бұлшық еттеріне арналған жалпы дамыту жаттығулар дене мүшелеріне тиісті қайталап орындау.
Оқушыларды санау арқылы үш топқа бөлеміз. Мына төмендегідей жаттығуларды ретімен орындау.
1. Негізгі тұрыста – Бастапқы қалыпта екі қолды алға және жоғарғы жанына созып төмен түсу. Бастапқы қалыпқа келу.
2. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта қолды алға созып, жоғары көтеріп және екі жанына ұстап бастапқы қалыпқа келу.
3. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта қолды алға созып, кезектесіп жоғары және төмен айқастырып орындау.
4. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта аяқты алшақ қойып, екі қол белде солға басты қисайтып бастапқы қалыпқа келу оңға қисайып бастапқы қалыпқа келу.
5. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта басты алға және артқа шалқайтып кезекпен жаттығуды орындау.
6. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта екі иық қолдардың деңгейінде оңға және солға жаттығудың қимылын айналдыру.
7. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта қолды кеудеге ұстап, оңға және солға қолды созып жаттығуды қайталау.
8. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта аяқты алшақ қойып, екі қол белде оңға және солға санақ бойынша қисайтып орындау.
9. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта екі қол белде оңға және солға аяқ жылжымайды қимыл жаттығулар жасаймыз.
10. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта екі қолды тізеге қойып оңға және солға айналдыру.
11. Негізгі тұрыс – Бастапқы қалыпта қолды алға ұстап созып, «1» дегенде отыру, «2» дегенде тұру, «3» деген отыру, «4» дегенде бастапқы қалыпқа келу.
12. Бір орнында жүгіру.
13. Бір орында тұрып қос аяқпен жоғары секіру.
14. Бір орнында жүру жаттығулары.
15. Бір орнында тұрып, 1 - 2 аяқты жоғары көтеріп, дем алмай аяқпен төмен жүгіріп 3 - 4 дегенде сыртқа дем шығару.
Негізгі бөлім - 30 м
Санау арқылы сыныпты екі топқа бөлеміз, ойынның қарапайым ережесімен таныстыру.
Ұлттық ойын: «Арқан тартыс»
Ойынға ұзындығы 8 - 10 метрлік екі ұшы түйілген арқан қолданылады. Ойынға қатысушылар бойларына қарай қатарға тұрады. Арқанның ортасына қызыл мата байланады.
Оқушылар арқанның сол жағынан бастап бірінің артынан бірі қос қолдап ұстап тұрады.
Ойынның мақсаты - қарсыласының бір немесе бірнеше ойыншының орнындағы сызықтан өз жағына тартып өткізу.
«Теңге шашу» ойыны – 10 м
Ойында оқушылар тең екі команда құрып, қашықтығы 30 - 40 м жерде тұрып ортаға тастаған қызыл матаға шүйлігіп теңге мәреден сөреге жинап және орнына қайта қою.
Ойынның мақсаты – жылдамдық, шапшаңдық, ептілік пен қабілеттіліктерін қалыптастыру. Қай команда дұрыс, жылдам жаттығуды орындаса сол команда жеңіске жетеді.
«Әтештер қақтығысы» ойыны – 10 м.
Диаметрі 4 - 5 метрлік шеңбер сызылады, ойыншыларды теңдей екі топқа бөлеміз. Ойынға шыққан ойыншылар ойын жүргізушінің берген белгісінен соң оң қолмен аяғын ұстап, сол қолды артқа ұстап, оң аяқпен секіре жүріп иықтарымен қағыса бастайды.
Ойынның мақсаты – екеуі бірін - бірі шеңберден ығыстырып шығару.
Қарсыласын шеңберден шығарған ойыншы өз командасына ұпай әкеледі. Ойын барысында ұстаған аяғын жіберіп қойса ол жеңілген болып есептелінеді. Екеуі бірдей уақытта шеңберден шығып кетсе онда ешқайсысына да жеңіс берілмейді. Иықтарымен қақтығысу кезінде ойыншы тұрған сол қолын артына ұстайды. Қақтығысу барысында қолмен итеруге болмайды.
Қорытынды бөлім
Осы үйренген жаттығуларды жетілдіре түсуді үйге тапсырма ретінде беру. Сабақты қорытындылау. Сабақ кезінде кеткен артық - кемшіліктерді ескере отырып оқушылардың үлесті тиісті бағаларын қоямыз

Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.

Сынып: 3 «Б»

Жас ерекшелігі

9-11 жас

Пәні: қазақ тілі /орыс тілінде оқитытын сыныптар/

Лексикалық тақырып: Спорттық ойындары

Грамматикалық тақырып: 1.Отыр,жатыр, тұр,жүр, жүгір, ойна, секір, қара  етістіктерін пысықтау.

Сабақтың мақсаты:

1. Оқушыларға спорт ойындары түрлерімен таныстыру арқылы қалып қалып етістіктерін пысықтайды.

2. Оқушыларды етістіктерді ауызекі  сөйлеу тілінде  қолдануға жаттығады.

3. Ұйымшылдыққа үйренеді.

Табыс критерииі:

Отыр,жатыр, тұр,жүр, жүгір, ойна, секір, қара етістіктерін қолдану;

Етістіктер арқылы ауызша сөйлемдер құрау;

Спорт ойындарында қазақша  сөйлеу;

Ойыңды жаза білу.

Сергіту сәті: «Dlya detey-Veselaya Muzika»  арқылы гимнастика жасау.

Отыр 

Жатыр

Жүр

Секір

Қара

ойна

Топқа бөлу: Гимнастика жасау барысында екі шар ұшылармын. Соны ұстап гимнастиканы жалғастырады, қызыл және ақ шарды жарғанда ішінен  сол түстегі қағаздар қиықтары 4-сары, 5-қызыл шығады. Сол бойынша 4/5 топқа бөлінеді.

Топтағы рөлдерін қалаулары бойынша бөлемін.

1-    тапсырма

Жеке жұмыс

«Қара-жап-айт-жаз-тексер» техникасын қолданамын.
1 қадам.

1. сөзге  қараңыз

2. оны жауып тастаңыз

3. оны ауызша айтып шығыңыз

4. оны есте сақтауыңыз бойынша жазыңыз

5. жазғаныңызды тексеріңіз

6.егер қате жіберсеңіз, жоғарыда жазылған тізім бойынша қайталаңыз.

Екі топтағы әр оқушыға сөз, сөз тіркесі, сөйлем беремін.

1 Отыр. Дұрыс отыр. Асан  дұрыс отыр.

2. Жатыр. Доп жатыр. Жерде доп жатыр.

3. Тұр. Орныңнан тұр. Орныңнан тез тұр.

4.  Жүр. Алға жүр. Алға аттап жүр.

 5. Жүгір. Жылдам жүгір. Саппен жылдам жүгір.

6. Ойна. Көңілді ойна. Ойынды көңілді ойна.

7. Секір. Жеңіл секір. Аяқтың ұшымен жеңіл секір.

8. Қара. Солға қара. Саппен солға қара.

9. Бұрыл. Оңға бұрыл.  Саппен оңға бұрыл.

2 қадам.

Топқа шығарып, әр оқушы өз сөйлемін аудармасымен таныстырады. Сөйлемдерін ортаға шығарып жазады. Хатшыға тапсырады.

3 қадам

Екі топ баяндамашылары сөйлемдер бойынша бұйрықты топтарға ауысып орындатады. Түсінбесе өзі аударып көмектеседі.

Бағалау:

Көшбасшы ең дұрыс орындаған оқушыларды бақылап тұрады. Ерекше қол соғып қошемет көрсетеді.

2 тапсырма

спорттық– интеллектуалдық эстафета ойындары

сайты/«Болашаққа-білімді, дені сау ұрпақ» ұранымен спорттық– интеллектуалдық эстафета ойындары бастауыш, орта буын, (1-10) /

3 сынып

Спорттық – белмен дөңгелек айналманы  айналдырып, тақтаға дейін бару;

Интеллек–  Сөз тіркесін құрап жазады.

Спорттық -  Дөңгелек айналманы  екі қолмен ұстап, алға  

                       айналдыра секіріп командасына қайту;

Бағалау:   әр дұрыс жауапқа жетондар алып отырады

 3сынып

Эстафета

Спорттық -  бір  қатарда ара қашықтығы  2 метрден бес жерде орналасқан доңгелек айналмаларды  (гимнастикалық кругті) қатынасушы кезекпен басынан   аяғына дейін өткізіп, сонан соң әріп жазылған кубиктерге  дейін  жүгіріп   барады, гимнастикалық скамейканың үстіне тапсырма бойынша  берілген сөздің қажетті әріпін қояды.

Интеллек. - әрбір бала әріп  жазылған  кубиктерден  тапсырма бойынша   бір әріптен Атырау, Астана, Родина, мектеп, машина, достық, радуга, дәптер деген сөздерді құрастырады.

Спорттық -  командасына  жүгіріп қайтады

Бас әріптері жазылған сөздерді толықтырып жазады.

 Бірін-бірі бағалау:Кім мүдірмей жылдам жазады? Егер есіне түспесе келесі оқушы жазады, әр тапсырмаға жетон алады.

4 сынып

Спорттық-  секірітпемен тақтаға дейін адымдап жүгіре секіру;                  

Интеллек.  Өзі жауап береді. Сұрақ қояды?  /кезек-кезек/

Спорттық-   қапшықты екі аяғына киіп, кері орына секіріп келу;

Бағалау:  сұрақ-жауапқа байланысты бағаланады. 

Сабақты қорытындылау.

Қорытынды баға:

Кері байланыс:

Сабақты жүктеп алыңыз!

Эстафеталык ойындар
Сабақтың тақырыбы: Жеңіл атлетика элементтері аралас эстафеталық ойындар.
Сабақтың мақсаты:
1) Дененің жылдамдық, ептілік, иілгіштік, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту.
2) Дене даярлық сапасын арттыру.
3) Ойын арқылы дене жүктеме жаттығуларын үйлестіру.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Дене тәрбиесі мәдениеті мен гигиенасын дамыту.
Өтілетін орын: Спортзал ойын алаңы
Өтілетін сынып: 5
Керекті құрал – жабдықтар: Секіртпе, гимнастикалық орындық, доптар, белтемір, эстафеталық таяқша, белгі кубиктер, үстел тенисі шариктері.
Ұйымдастыру кезеңі:
1) Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру.
2) Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру.
3) Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа қатысуына мән беру.

Сабақтың мазмұны Мөл-шері Әістемелік нұсқаларымен ескертулер

Дайындық бөлімі 10-15 минут
Сынып оқушыларын сапқа тұрғызу, мәлімдеме қабылдау, сәлемдесу.
1′
Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа дайындығына мән беру.
Өтілетін сабақ тақырыбы мен жаттығулар ретімен танысу. 1′
Қысқа, нұсқа түсінікті етіп баяндау.
Саптық жаттығу элементтерін қайталау 30′′
Саптағы пәрмен бойынша саптық элемменттерді қайталау
А) Орнында оңға, солға бұрылу, кері айналу.
30′′ Денені тік ұстау. Саптық элементтерді дұрыс орындалуын қадағалау.
Б) Секіре оңға, солға бұрылу.
30′′ Секіре орындау
В) Сапқа тұру жаттығу ойындары. Белгі бойынша орын ауыстыру, қайта сапқа тұру.
1′
Жүру бағытында орындалатын жаттығулар
А) Екі қолды жоғары көтере, аяқтың ұшымен жүру.
Б) Қолды белге,аяқтың өкшесімен жүру. 30′′
30′′
Денені тік ұстау, жоғары созылу.
В) Қолды белге, жартылай отырып жүру. 30′′

Г) Сызық бойымен шапшаң бағыт өзгерте жүру. 30′′ Көрсетілген сызық бойымен шапшаң жүру.
Жүгіру бағытында орындалатын жаттығулар
А) Жеңіл жүгіру 3 рет айналу

Бір қалыпты жүгіру.
Б) Аяқты алға сермеп тізені көтере жүгіру 30′′
Екі қолды алға соза тізені жоғары сілтей жүгіру.
В) Аяқты артқа сермеп жүгіру. 30′′ Екі қолды алақанды сыртқа қарай қойып жүгіру.
Г) Оң иық және сол иықты алға бере серпіле жүгіру 30′′
Оң бүйір және сол бүйір алға бере жүгіру.
Д) бағыт өзгерте жүгіру 30′′ Диогональ бойынша жүгіру.
Ж)Екпіндей келе үдете жүгіру 30′′ Мұғалімнің пәрмені бойынша жүгіру.
З) Екпіндей келе серпіле секіру 30′′ Үш адым жасай серпіле секіру.
Жай жүріп демді қалпына келтіру 30′′ Тыныс алу реттеу жаттығулары.
Жалпы дамыту жаттығулары 5′
Н.Т. екі қол белде
1-2 басты оңға, солға бұру
3-4 артқа алға иілу 4 рет Кеудені түзу, тік ұстау.
Н.Т. екі қол иыққа
1-2 алға айналдыру
3-4 кері айналдыру 4 рет Иық бұлшық еттеріне жаттығулар.
Н.Т. оң қолды жоғары көтере, ауыстыра серпілу
1-2 оң қол серпілу
3-4 сол қол серпілу 4 рет Серпіле қолды ауыстыра орындау.
Н.Т. екі қолды кеуде тұсына қойып алға және жанға 4 рет серпілу 4 рет Денені тік ұстау, қолды түзу ұстау.
Н:Т. Қол белде, белді оңға қарай 4 рет, солға қарай 4 рет айналдыру 4 рет Толық орындау.
Н.Т. оң қолды белге, сол қолды жоғары көтеріп,
1-2 оңға қарай иілу,
3-4 солға қарай иілу 4 рет Қолды ауыстырып мүмкіндігінше төмен иілу.
Н.Т. екі қол белде
1-2 алға қарай иілу
3-4 қайта оралу 4 рет
Қол тізеде, ішке қарай 4 рет, сыртқа қарай 4 рет айналдырамыз 4 рет Толық айналдыру.
Аяқ алшақ ашамыз 4 рет сол аяққа отырып тұрамыз, 4 рет оң аяққа отырып тұрамыз. 4 рет Жартылай отырып, қайта бастапқы қалыпқа оралу.
Н.Т. отырып тұру жаттығулары
1-2 қолды алға созу
3-4 қолды желкеге қою 4 рет Толық отырып тұру.
Н.Т. оң аяқ 10 рет секіру, сол аяқ
10 рет секіру,қос аяқпен 10 рет секіру 4 рет Серпіле секіру.
Тыныс алу реттеу жаттығулары 4 рет

Негізгі бөлім 25-30 минут

Сыныпты сапқа тұрғызу, саналу
арқылы екі топқа бөліну 30′′ Ұлдар мен қыздар тобы тең
болуына мән беру.
I Секіртпемен секіру қайта оралу

☻☺☻☺☻………………………


☻☺☻☺☻………………………
← 3′
2 рет қайталау Өтілетін эстафета ережесін түсіндіру, көрсету.
1–ші оқушы секіртпемен секіре белгіні айнала қайта оралады,
2 –ші оқушы жалғастырады.
II Киіз үйге жиналу
→ →
☻☺☻☺☻………………………۝

→ →
☻☺☻☺☻………………………۝
3′
2 рет қайталау 1–ші оқушы мұғалім белгісі бойынша киіз үйге орналасады,
2 –ші оқушы сол мезетте жүгіріп жалғастырады. Қай топ бірінші жиналса, жеңімпаз атанады. Киіз үй шеңберінен шықпауы тиіс.
III Кедергілерден жүгіру
→ →
☻☺☻☺☻………………─…║…
← 

→ →
☻☺☻☺☻………………─…║…
←  3′
Бөрене үстімен жүру, кедергіден секіріп өту, қайта оралу.
1 – ші оқушы мәреге келмей, 2 – ші оқушы жүгірмейді.
IV Үйшікке жиналу
→ →
☻☺☻☺☻…………………─……∆

→ →
☻☺☻☺☻…………………─……∆
3′
3 гимнастикалық орындықты қосу арқылы үйшік жасау. Белгі бойынша үйшікке кіру отыру, сол мезетте екінші оқушы үйшікке жүгіреді. Қай топ жиналып үйшікке отырып үлгерсе, жеңімпаз атанады.
V «Асқабақ» ойыны
Допқа жүгіру, үйшіктен допты алып келесі оқушыға домалату
→ →
☻☺☻☺☻………………………∆
← ●☻ 
→ →
☻☺☻☺☻………………………∆
← ● ☺  6′
1 – ші оқушы үйшікке жүгіріп, келесі ойыншыға асқабақты (доп) домалатып береді,
2 – ші оқушы асқабақты (доп) қайта алып келіп, келесі оқушыға домалатады. Бірінші жиналған топ жеңімпаз.
VI «Жеміс жинау» ойыны
→ →
☻☺☻☺☻………۝…………║☺
← 
→ →
☻☺☻☺☻………۝…………║☺
← 
Оқушы себетті жемісті салуға ыңғайлы етіп ұстауы тиіс. Себетке түспеген жағдайда қайта салады.
6′
Әр топтан 1-оқушы жеміс жинаушы, қалған оқушылар жеміс (тенис шарлары) тасымалдаушы. Жемістер шеңбер ішінде орналасады (20 дана). 1 – ші оқушы шеңбер ішінен бір жеміс алып, себетке апарып салып, қайта оралады. 1 – ші оқушы мәреге келмей, 2 – ші оқушы жүгірмейді.

Қорытынды бөлім 5 минут
Оқушылар сапқа тұру, қорытындылау. Сабаққа қысқаша талдау жасау, бағалау.
Үйге жүктеме тапсырма беру. 5′
Жіберілген қателіктермен кемшіліктерді айту.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь. Мы рекомендуем Вам либо зайти на сайт под своим именем.

Қонақтар тобыдағы қонақтар пікір қалдыра алмайды.

Түпқараған ауданы

Форт – Шевченко қаласы

«Құлыншақ» балабақшасы

Дене шынықтыру маманы

Искакова Ақтолқын

Тақырыбы: «Біз шыныққан баламыз»
Мақсаты:     Спорттық  эстафеталық  жарыстарға  деген

                     қызығушылықты арттыру.    Спортқа деген

                    сүйспеншілігімізді  нығайту.   Ептілікке шапшаңдыққа жаттығу.                  
Көрнекі құралдар:  2-доп,2- секіргіш,  2-доғал, 2- гимнастикалық скамеика,

                              2- тығыз доп, асықтар, кеглилер.
Жүргізуші:
        Спорт деген азанда,
        Алады да тұрғызып.
        Еріншектік аз  онда,
        Бастайды ойын бір қызық.
        Аязда да тоңбайсың,
        Ыстыққа да күймейсің,
        Сергектікті қолдайсың,
        Жалқаулықты сүймейсің,
        Бақыт сенен қашпайды,
        Өнер білген пайдалы,
        Спорт соның айғағы дей тұрып,
         Бүгінгі балабақшамызда ересектер тобының арасында өткелі отырған, «Біз шыныққан баламыз» атты сайысымызға  қош келдіңіздер! Бүлдіршіндер сіздерді денсаулық күнімен  құттықтай отырып,зор денсаулық,мол

бақыт,жұмыста табыс,қажымас қайрат,жүздеріне күлкі,қуаныш,көлдей көңіл,өзендей өмір тілейміз.
Жарысымызды бастамас бұрын әділқазыларымызды атап өтейін:
1. Балабақша әдіскері:  Ермекова Анар
2.Тәрбиеші:  Қалиева Күнсұлу
3.Медбике:  Сақтағанова Меруерт

      Уа халқым,назар аудар денсаулыққа,
                    Өмірде бақыттысың денің сауда.
                    «Денсаулық-терең бақыт»деген сөзді
                   Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.
                   Денің сауда күштісің бұл әлемде,
                   Денің сауда сұлусың жер бетінде.
                  Сол мықты денсаулықтың арқасында
                  Жетерсің әлі талай бақыттарға.деп,- ортаға

1.     «Алау»тобын шақырамыз.

2.     «Жалын»  тобын шақырамыз.
Топтармен  таныстырып өтейін:

«Алау»тобы:   

Басшысы– Қорғанбаев Берекет

Ұраны:   «Біз-лаулаймыз, жанамыз

                  Жарыстарда әрқашанда озамыз»

«Жалын»  тобын
Басшысы – Берікұлы Ақберен

Ұраны:  «Қиындыққа төтеп берер,

                 Біз боламыз «Жалан»тобы »
           Жарысымыз «6» турдан тұрады.
1. «Кім  жылдам» 

Ойын шарты:  Бірінші  ойыншы қолына кубикті алып, жүгіру арқылы

           белгіленген орыннан   айналып  келіп, екінші ойыншыға кубикті береді.

           Ойын арғарай жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске

            жетеді.
2. «Секіргіш»

Ойын шарты:   Ойыншылар белгіленген орыннан секіргішпен  секіріп

          айналып  келіп, екінші ойыншыға секіргішті  береді. Ойын арғарай 

          жалғасады, қай топ бірінші аяқтаса сол топ жеңіске жетеді
3. «Кедергіден өту»

Ойын шарты:  Ойыншылар алдарына қатарластырып қойылған

         гимнастикалық скамейкадан тепе-теңдік сақтап өтіп, доғалдың

        астымен еңбектеп өтіп белгіленген орыннан айналып қайта кедергіден

         өтіп келіп, екінші ойыншыға қол сғады. ол ойыншы ойынды

         жалғастырады.
4. «Асық ату»

Ойын шарты:    2-3 метр қашықтықтағы асықты қай топта көп асық болса

              сол топ жеңіске  жетеді.
5. «Кеглиді доппен құлату»

Ойын шарты:     2-3 метр қашықтыққа тігілген кеглиді доппен ұрып құлату.

                  Қай топ барлық кеглиді құлатса сол топ жеңіске жетеді.
6. «Допты жалғастыр»

Ойын шарты:   барлық ойыншы бір қатарға тұрып допты жоғарыдан

           жалғастырып, соңғы ойыншы аяқтың арасымен алға қарай береді, қай

           топ допты жоғарыға бірінші көтерсе сол топ жеңіске жетеді.

         Балаларымыздың сайысына баға беру үшін сөз  кезегін  балабақша әдіскері    Ермекова Анарғ апайымызға  береміз.
( ойынға қатысқан ойыншылар марапатталды).


Жүргізуші: Осымен  балабақшамызда ересектер тобының арасында өткелі отырған,  «Біз шыныққан баламыз» атты  жарысымыз аяқталды.

                  Жарқын,шаттық заман болсын,

                  Бүлдіршіндер  аман болсын.

                  Сыйластық пен бірлік болып,

                  Әрқашан орта толсын. ( Қортындылау, мадақтау ).

Алматы облысы

Іле ауданы

Боралдай кенті

Іле ауданы әкімінің «Балдаурен» балабақшасы МҚК

Дене шынықтыру нұсқаушысы Какиланова А.Б.

Тақырыбы: «Толағай» (спорттық сайыс)

Мақсаты: Ата-аналарды қатыстыра отырып, өткізілген бұл сайыста баланы

өмірде белсенді болуға, алға қойған мақсатты орындауға үйрету, қимыл-

қозғалыс қабілеттерін дамыту. Балаларды шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Спорттық іс- шара

Білім беру саласы: «Денсаулық».

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Сайыс тақырыбы, топ аттарын жазу эмблемалар, дипломдар.

Әдіс тәсілдері: түсіндіру,әңгімелеу, топтастыру, көрсету, ойын.

Сайыс барысы:

Жүргізуші: «Балдәурен» балабақшасының құрметті қонақтары мен ата-аналары, бүгінгі ата- аналарымен тәрбиенушілерінің арасында өтетін «Толағай» отбасылық сайысына қош келдіңіздер.

«Толағай» отбасылық сайысы еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты спорттық іс-шара. Бүгінде осындай іс-шара біздің балабақшамыздың ортаңғы топ бүлдіршіндері мен ата-аналарының арасында өткізгелі отыр. Үш отбасы қатысады..

Толағай: – Оу-у, мына жерде балалар жиналып қалыпты ғой. Сәлеметсіңдерме, балалар, ата-аналар, қонақтар! Менсіз қалай «Толағай» отбасылық сайысын өткізгелі жатырсыздар?

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Толағай? Кел онда, сайысты бірге жүргізейік.

Толағай:

Ал,қанекей, қонақтар,

Ортаға назар салайық.

Ойыншылар келеді,

Қол соғып қарсы алайық.

Жүргізуші: Ақ түсті киімде «Бүркіт»  тобы, қызыл түсті киімде «Тұлпар» тобы, көк түсті киімде «Барыс» тобы.

Толағай: Сайыс болған соң, спорт заңы бойынша жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарын тағайындайтын құрметті әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейік.

«Балдәурен» балабақшасының меңгерушісі: Аманкулова Ш.А

«Балдәурен» балабақшасының әдіскері: Чалимбаева Б.

«Балдәурен» балабақшасының психологы: Ошкарова Н.С

Жүргізуші:

Өнер қуып отбасы өтер дейміз

Бір басына өнері жетер дейміз

Сайысқа келген топтар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтсе дейміз.

(Әр топ өздерін ұрандарымен таныстырады)

«Бүркіт» тобы.

Ұраны: Ұшақтан да ұшқырмын

Жедел озған жүйрікпіз.

Келіп тұрған жарысқа

«Бүркіт» тобы боламыз.

«Тұлпар» тобы

Ұраны: Біз балдырған бақытты

Әкеміз бен анамызда

Жеңілдейміз, озамыз

«Тұлпар» тобы боламыз.

«Барыс» тобы.

Ұраны: Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты.

«Барыс» тобы боламыз

Жарысамыз ой қатты!

Толағай:

Бәрекелді, әр топ өздерін таныстырып өтті. Ендігі кезекті сайысқа берейік.

Жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 6 кезеңнен тұрады.

  1. 1. «Құлатпай алып өт» сайысы.
  2. «Мергендер» сайысы.
  3. «Кім жүйрік» сайысы.
  4. «Арқан тарту» сайысы
  5. «Жұмыртқаны түсірме» сайысы
  6. «Допты түсірме» сайысы

Әр сайыстан кейін әділ-қазылар алқасы әділ бағасын беріп отырады.

Толағай:

Қалма жұрттың соңында,

Қажет болса мың атта

Аздық етер оныңда,

Жету үшін мұратқа.

«Құлатпай алып өт» сайысы

Шарты: Ата-аналар қолдарын айқастырып, баласын отырғызып, кедергілер арасымен жүгіріп өтеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.

Сабырлы да, салмақты әділ-қазыларымыз ұпай сандарын көрсетулерін сұраймыз.

Жүргізуші:

«Мергендер» сайысы.

Шарты: Допты екі аяқтың арасына қысып, түсірмей кедергілер арасымен өтеді, ілініп тұрған шарды жарып қайта келеді.

Әділ-қазылар ұпай сандарын көрсетіңіздер.

Толағай:

«Кім жүйрік» сайысы.

Шарты: Қаптың ішіне кіріп қос аяқпен секіреміз.Ойынның шартын бұзбаймыз,бірінші келген топ жеңімпаз

Ал,неді әділ-қазылар әділ ұпайларыңызды беріңіздер.

Жүргізуші:

Ойын ойнап,ән салмай

Өсер бала бола ма?

Күміс күлкі көрмей ол

Кемеріне толап ма?

Айгөлек-ау, Айгөлек

Айдыңжүзі дөңгелек

Айдай толған кезімде

Би бибейміз дөңгелеп

Олай болса келесі сайысымыз  «Арқан тарту» сайысы.

Шарты: Екі топқа бөлініп, арқан тартамыз, белгіленген жерге дейін  арқанды тарту керек.

Отбасылардың өнеріне тәнті болып отырған әділ-қазы мүшелері ұпайларыңызды көрсетіңіздер!

Жүргізуші:

Келесі сайысамыз «Жұмыртқаны түсірме» сайысы.

Шарты: Кедергілер арасымен қасықтағы жұмыртқаны түсірмей өтіп, қайта келеді. Бірінші келген топ жеңімпаз.

Толағай:

-Енді соңғы сайыс «Допты түсірме» сайысына кезек берейік.

Шарты: Әкесі мен анасы маңдайларына допты қысып, түсірмей кедергі арасымен жүріп өтеді Бірінші келген топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Сайыс осымен тәмам. Төреші әділ-қазыларымыз ұпай сандарын есептеп, қай отбасы топтары, топ жарып жеңіске жететіндігін хабарлағанша, барлық қатысушылардың орындауында  «Қара жорға» биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:

Қорытынды: – Ендеше, осы денсаулықты зор байлық деп білетін белсенді де білгір, денсаулығы мықты спорт десе ішкен асын жерге қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшейік.

Сөз кезегі әділқазыларда (Марапаттау рәсімі).

Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік!

«Толағай» отбасылар сайысы осымен аяқталды.

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,

Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.

Денсаулықты жанымызға серік қып

Болашаққа аманат қып жолдаймыз.

Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!.

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Бостандық орта мектебі дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Жазитов Естай Мұқатайұлы

Жазитов Е.М.

Мақсаты:

А) Балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшін спорттың, дене шынықтырудың маңызын арттыра отырып, төзімділік күш сапалық қасиетттерін дамыту
Ә) Оқушыларды дене даярлық сапасын арттыру, бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге ұжымшылдыққа, ұйымшылдыққа, ептілікке баулып, қимыл — әрекетке жаттықтыру.
Б) Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.

Түрі: жарыс түрінде.

Сабақтың тәрбиелік мәні: Дене тәрбиесі мәдениеті мен гигиенасын дамыту.

Өтілетін орын: Спортзал

Өтілетін сынып: 4 «А»

Керекті құрал — жабдықтар:

Техникалық қауіпсіздік ережелеріне мән беру. Керекті жабдықтармен керекті заттардын дұрыстығын тексеру. Оқушылардың спорттық киіміне, сабаққа қатысуына мән беру.

Қатысатын командалар: класс оқушылары, капитан командалары

Халқымыз байырғы заманнан бала тәрбиесіне баса назар аударған. Ұрпақтарын болашағына балаған. Салауатты өмір салтын ұстану осы іс — шараның алғашқы баспалдағы. Сондықтан еңкейген кәріден, бесіктегі балаға дейін салауатты өмір сүруге талпынып, соған қоғам да, мекемелер мен мектептер-де жағдай жасап, денсаулықты сақтауға, нығайтуға ат салысу керек.

Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Жарысты бастамас бұрын, ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныстыра кетейік.

Сіздерге жеңіс тілейік, — дей отырып, ортаға сайыскер тобымызды шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

5 «А», 5 «Б» сынып оқушылары 3-топқа бөлініп сапқа тұрады

Эстафета түрлері:

  1. «Музыкалық сәлемдеме»
  2. Шегіртке
  3. «Секіртпемен секіру»
  4. «Жеміс жинау» ойыны
  5. Қасықтағы шарик
  6. «Мерген» Айып сызығынан допты себетке лақтыру
  7. Хан талапай.

Құрметті сайыскерлер, сіздерге сәт — сапар!

1. «Музыкалық сәлемдеме»

Әр командадан бір музыкалық сәлемдеме (ән, би, музыкалық пародиа).

2. Шегіртке

Белгі бойынша ойыншылар секіріп барып, секіріп қайтады

3. «Секіртпемен секіру»

1-ші белгіге дейін секіртпемен секіре барып, секіртпені тастап, допты ыршытып алып жүру және қайта оралу. I -10 ұпай, II — 9 ұпай, III — 8 ұпай, IV — 7 ұпай.

4.«Жеміс жинау» ойыны

Шеңбер ішінен жеміс жинау (тенис шары) Әр ойыншы әрбір баруында бір жемістен жинайды. Берілген уақыт ішінде жиналған жемістін санымен есептелінеді. Бір жеміс 1 — ұпай.

5. Қасықтағы шарик

Белгі бойынша бірінші тұрған ойыншы қолындағы қасығына шарикті салып, мәрені айналып келіп, өзінен кейінгі ойыншыға береді.

6. «Мерген» Айып сызығынан допты себетке лақтыру

7. Хан талапай.

Команда капитандары жарысы.

Құрметті қауым! Сөз кезегі әділқазылар алқасында (әділқазылар сайыстың шарттары бойынша қорытынды шығарып, жеңімпаздарды жариялай отырып, марапаттайды).

Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сауда.
Денсаулық терең бақыт деген сөзді

Құр айтпаған ұлы Абай атамыз да — дей отырып, барлығыңызға дендеріңіз сау болсын, деген тілекпен сайысымызды аяқтаймыз.


Арқан тарту, Шеңберге түсір, Пойыз, Допты қуып жет, Жалғыз аяқ жолмен, Ойын:...

Қысқы ойындар

Мақсаты: Ән музыка арқылы қыстың көріністерін сезініп, әндегі шумақ пен қайырма арасындағы өзгерісті ажырата білуге үйрету.Ойын арқылы музыка дыбысын ести білуге баулу.

Көрнекіліктер: Қыс суреті, шана

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі сабағымызға көптеген апайлар қонаққа келіпті. Орнымыздан тұрып амандасайық.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз.

Баршаңызға құрметтеп

Бас иеміз біз.

Жарық болса күніміз

Жарқын шығар үніміз

Біз болашақ гүліміз.

Қайырлы таң, қонақтар

Қайырлы күн апайлар.

Сәлеметсіздер ме, апайлар!

Балалар, қане шаттық шеңберін құрайық. Шеңберде тұрып «Көңілді қыс» тақпағын айтамыз.

Бір топ бала сырғанап

Барады әне жарысып.

Қалады артта қар алап.

Іздерінен қар ұшып.

Тәрбиеші:

— Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар:

— Қыс.

Тәрбиеші:

-Бір жылда неше мезгіл бар?

Балалар:

-Төрт мезгіл

Тәрбиеші:

Қыс айларын атап беріңдерші?

Балалар:

-Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан.

Тәрбиеші:

Қыс мезгілін де ауа-райының ерекшеліктері қандай болады?

Балалар:

-Қар жауады, күн суық, аяз болады.

Тәрбиеші:

Қыста қандай ойындар ойналады?

Балалар:

-Қар атысу, Шаңғы тебу, Шана мен сырғанау

Жұмбақ жасыру

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады

Бұл не балалар?

(Қар)

Қызықты сәт.

Есік қағылып, ішке аққала кіреді.Сәлеметсіңдер ме балалар! Қалдарың қалай? Сендер қыс мезгілі туралы білесіңдер ме? Ендеше мен қысқаша айтып шығайын.Қыс мезгілін де айнала аппақ түске енеді. Қатты боран дауыл соғады.Үлпілдек аппақ қарлар жауады.Мен сендерге үлпілдек қарлар әкелдім. Кәне бірге үлпілдек қарларды үрлейікші.

Тыныс алу жаттығуы. «Ұлпа қарды үрлеу».

Ал мен қыс мезгілінде ғана пайда боламын. Мені қардан жасайды. Мен үш бөліктен тұрамын, басым, кеудем,аяғым.Мен қыс мезгілін өте жақсы көремін.

Балалар бүгінгі әніміз «Зырлайды шанамыз».

Бұл ән көңілді айтылады.

Балалар

Мен сендерге ертеңгі ауа-райын айтамын.

Алматы да күн шығады.(арқаны баяу сипалау)

Жезқазғанда қатты жел тұрады.(қатты сипалау)

Қарағанды да қар жауады.(саусақтар мен қар жауғанын келтіреді).

Астана да. Бұршақ жауады (жұдырықтап ұрады).

Сергіту сәті.

Жан-жағымызға қарайық

Аю шықты қорбаңдап,

Қасқыр шықты Р-Р-Р.

Түлкі шықты майысып,

Қоян шықты секіріп,

Қорықпаңдар балалар

Қар лақтырып ойнаңдар.

Д.ойын. «Қатырмақ».

Д.ойын. «Қайда не қоямыз».

Тәрбиеші:Балалар тіс пастасы мен қардың суретін салу.

Қорытынды.

Дыбыстық жаттығу.

Ыс-ыс-ыс, келді қыс.

Ан- -ан-ан соқты боран,

Ар-ар-ар үлпілдек қар.

Ты-ты-ты аяз қатты.

Сабақ ұнады ма?

Жылдың қазір қай мезгілі?

Қыста не жауады?

Қыста қандай ойындар ойналады?.

Сау болыңыздар.

,!28.7%

..5%

,.24.2%

,?36.1%

-,.6%

: 6479

Кіріспе бөлім

1. Оқушыларды сапқа тұрғызу.

2. Кезекшінің мәліметі.

3. Сәлемдесу.

4. Сабақтың мақсатын түсіндіру.

Жүру жаттығулары:

Қолды белге тіреп, аяқтың ұшымен жүру;

Қолды желкеге қойып өкшемен жүру;

Қолды белге тіреп, аяқтың ішкі қырымен  жүру;

Қолды белге тіреп, сыртқы қырымен жүру;

Қол белде жартылай отырып жүру;

Қол тізеде, толық отырып жүру,

Жүгіру жаттығулары:

Жеңіл жүгіріс

Оң жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;

Сол жақ қырымен қолды алдыға айналдыра жүгіру;

Қолды созып тізені жоғары көтеріп жүгіру;

Қолды жамбасқа қойып аяқты артқа серпіту;

Жай жүріп, демді қалыпқа келтіру.

Оқушыларды сапқа тұрғызып, 1-2-ге санату, 2-лер 2 қадам алға шығады, қолды созып арақашықтық сақтау.

Жалпы дамыту жаттығулары:

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде ұстап басты оңға-солға, артқа-алға бұру.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды иыққа тірейміз.

1-2 иықты алға айналдырамыз, 3-4 артқа айналдырамыз.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды желкеге қоямыз.

1-2 денені оңға бұрамыз, 3-4 солға бұрамыз

-Бастапқы қалып. Қолды алға созып, қайшылату;

-Бастапқы қалып. Қолды жанына созып, білек буынын, шынтақ буынын, иық буындарын айналдыру.

-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде ұстап белді оңға-солға айналдыру;

-Осы қалыпта оң қолды жоғары көтеріп денені солға иілдіру, сол қолды жоғары көтеріп денені оңға иілдіру;

 -Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды тізеге қойып, аяқты ішке-сыртқа айналдырамыз.

Алдыға иіліп, оң қолды сол аяқтың ұшына, сол қолды оң аяқтың ұшына алма кезек жеткізу.

Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, қолды төмен түсіру.

Негізгі бөлім

Оқушыларды екі топқа бөлу.Аталған топқа ат қою.

1-топ-«Қыран» тобы

 2-топ- «Барыс» тобы

1. Картоп отырғызу

Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, қолдарындағы кішкене доптарын шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

2. Картоп жинау

Мұғалімнің белгісі бойынша жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, шеңбер ішіндегі кішкене доптарды алып тіке жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол береді, ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

3. Кенгіру

Мұғалімнің белгісі бойынша кедергілер арқылы үлкен доппен секіріп, қайтып тіке секіріп келу. Секіріп келген ойыншы допты келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

4. Допты бастан асырып беру

Бастаушының қолында доп болады. Мұғалімнің белгісі бойынша допты басынан асырып екіншіге, екінші–

үшіншіге, осылай соңындағыларға бере береді. Ең соңғы ойыншы допты ала салып, жүгіріп келіп бастаушының алдына тұра қалып, допты одан әрі жалғастырады. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

5. Допты аяқтың астынан беру

Ойын шарты жоғарыдағыдай, бірақ ойыншылар аяқтың арасынан береді. Ойын бастаушы өз орнына келгенше жалғасады.

Ойынды қай команда бұрын аяқтаса, сол жеңіске жетеді.

6. Допты себетке салу

Допты секіртіп барып себетке түсіріп, секіртіп алып қайтадан допты келесі ойыншыға ұсынады. Қай команда допты себетке көп түсірсе, сол команда жеңіске жетеді.

7. Кегли

Тізілген кеглиді кіші доппен соғу арқылы құлатып, ұпай жинайды. Қай команда көп құлатса, сол команда жеңіске жетеді.

8. Орыннан секіру

Мұғалімнің белгісі бойынша орыннан ұзындыққа секіреді. Секіріп түскен жерге таяқша қойылады. Екінші ойыншы сол таяқшадан ұзындыққа секіреді. Қалғандары да осылай секіре береді. Қай команда ұзын секірсе сол жеңіске жетеді.

9. Мәреге кім бұрын?

Мұғалімнің белгісі бойынша секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек. Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске жетеді.

Қорытынды бөлім

Сапқа тұрғызу

Денені қалыпқа келтіретін тыныс алу

Жаттығуларын жасау.

Сабақты қортындылау.

Бағалау

Үйге тапсырма:Ертеңгі бой жазу жаттығуларын жасау.

Саппен шығару

Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»  танымдық спорттық ойын                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         
Мақсаты: Балалардың танымдық білімдерін және  спорттық қимыл қозғалыстарын тиянақтау.Жан – жақты сауатты,дарынды, озық, қабілетті бала тәрбиелеу.Ойын арқылы логикалық қабілетін, танымын дамыту.Жылдамдылыққа,алғырлыққа,тапқырлыққа тәрбиелеу.                                                                                                                                                                                                                        
Көрнекілігі: Сұрақтар жинағы.Тірек сызбасы,арқан, шелек пен кружка,орамалға түйілген  теңгелер, жұмбақтар,мақалдар,білім кілтінің макеті.                                                                                                                                                                                     
Ойын барысы                                                                                                                                                              Ұйымдастыру:                                                                                                                                                                              Сәлем бердік, сайысымыз көрермені                                                                                                                                                                                        Алдарыңызда болашақ өрендері                                                                                                                                   Молайтар ой – санамызды сайысымыз                                                                                                                    Біліммен достасуға біз дайынбыз                                                                                                                                                                                                                                      
Хормен:                                                                                                                                                                                                   Өнерлі боп өсеміз,                                                                                                                                                                                                                               Өмір сырын шешеміз                                                                                                            Өсіріп ой – сананы                                                                                                                                        Қуантамыз сіздерді.                                                                                                                                                                                                                                                                                                               
Кіріспе:                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Тәрбиеші: Балалар бүгінгі «Жүзден жүйрік» танымдық спорттық ойынымызға хош келдіңіздер!Өз біліміміз бен ептілігімізді екі топқа бөліне отырып көрсетеміз.                                                                                                                                                                                                                                                      
І топ: «Сұңқар»                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Ұраны: Ұшақтанда ұшқармыз                                                                                                                                                                                                                                              Желден озған жүйрікпіз                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               
ІІ топ: «Тұлпар»                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               Ұраны: Қиындықтан қашпаймыз                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        Алған беттен қайтпаймыз                                                                                                                                                                                                                                                    
«Жүзден жүйрік» танымдық спорттық  сайысымыз  4 бөлімнен  тұрады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        
1 – Бөлім: «Нар тәуекел» «Таным» саласы бойынша «Түнгі аспан» ойыны.                                                                                       «Денсаулық» саласы бойынша «Су тасу»ойыны.                                                                                                                                                                                                                                     
2 – бөлім: «Артық болмас білгенің» «Таным» саласы бойынша екі топқа бірдей сұрақтар:Жеті қазына,жеті күн, жеті ата, төрт  түлік, төрт мезгілді атау.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                   «Денсаулық» саласы бойынша: «Теңге ілу»ұлттық ойыны                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                
3 – бөлім: «Зерек болсаң, шешіп көр» «Таным» саласы бойынша жұмбақ шешу.                                                                                                                                                                                                                                                                                        «Денсаулық» саласы бойынша «Секіргіштер» ойыны                                                                                                                                                                                                                                    
4 – бөлім: «Ойлы болсаң, озып көр»  Таным саласы бойынша  «Мақалды жалғастыр»ойыны.                                                                                     Денсаулық саласы бойынша: «Жаяу аударыспақ»ұлттық ойыны                                                                                                               
Тәрбиеші :«Жүзден жүйрік» танымдық   спорттық    ойын   бастар алдында, жеңізпаздарды анықтау үшін   әділ- қазылар алқасын  тәрбиешілерден сайлап ойынымызды бастаймыз.                                                                                    
Ойын бөлімдері:                                                                                                                                                                                                                                                                                                               
1 – бөлім:  «Нар тәуекел».  «Түнгі аспан» ойыны екі топтан бір – бірден бала шығады да,аспандағы жұлдыздарды  сан ретімен белгілеп шығады.                                                                                                  «Су тасу» ойыны.      .                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             Шарты: шелектен келесі  шелекке су тасып жарысу (топпен)                                                                                                                                                                                                                                                                
2 – бөлім:  «Артық болмас білгенің»  екі топқа да бірдей сұрақтар қою. Бұрын жауап бергеніне ұпай саны белгіленеді.  «Теңге ілу» ұлттық ойыны.                                                                                                                                                                                                                                                                                Шарты:Атқа шауып барып, кідірмей, жердегі бет орамалды  «Теңгені»іліп әкету.(топпен)

«Өзге халықтар сияқты қазақтың да ертеден қалыптасқан, атадан – балаға мұра болып жалғасып келе жатқан ұлттық ойын-сауық түрлері бар. Зер салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың ұлттық ерекшелігіне, күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз байланысты туған екен және адамға жастайынан дене тәрбиесін беруге, оны батылдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, күштілікке, төзімділікке т.б. әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға бағытталған екен»

Мақсаты:
1.Білімділік:
Ол ойындар жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын көңілді өткізуіне, денсаулықтарын шыңдай түсуіне септігін тигізумен қатар, олардың халқымыздың әдет-ғұрыптарын, салт-санасын біліп өсерлеріне, тілін дамытуға да жәрдемдеседі.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа әдептілікке тәрбиелеу.
3.Дамытушылық: Оқушылардың ой өрісін, таным қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Кітап көрмесі, нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Барысы:
1. Ұйымдастыру:
- оқушыларды топтарға бөлу
- топ басшысын сайлау
2. Негізгі бөлім.
- мұғалімнің кіріспе сөзі
5 –сынып оқушылары арасында «Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы» тақырыбында сайыс өткізілгелі отырмыз.
Халқымыздың тарихи-мәдени мұраларының түрлері сан алуан. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған.
Осындай аса құнды мәдени игіліктердің бірі - ұлт ойындары. Бүгінде ойынды халық педагогикасының құрамды бір бөлігі деп тегін айтпаса керек, адам баласы жасаған жеті кереметтің қатарына 8-ші етіп осы ойынның аталып жүруі де жайдан жай емес.
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, заманымыздың аса көрнекті жазушысы М.Әуезов: «Біздің халқымыздың өмір кешкен - ұзақ жылдарында, өздері қызықтаған алуан ойын өнері бар ғой, ойын деген, менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары болған», - деп тегін айтпаса керек.
Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз.Сондықтан оны үйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор.Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді.
Қазақтың ұлттық ойындары: Бес тас, Алтыбақан, Тоғызқұмалақ, Теңге алу, Қыз қуу, Аударыспақ, Жамбы ату, Асық ойнау, Қол күрес, Ақсүйек т.б. спорттық сипатпен бірге үлкен тәрбиелік маңызға да ие болды.
Бүгінгі өткізілгелі отырған сайысымыздың турларымен таныс болыңыздар.
1. Таныстыру (әр топ өздерінің атымен және топ мүшелерін
таныстыру)
2. Жамбы ату.
3. Аударыспақ
4. Ұшты-ұшты
5. Теңге алу
6. Асық ойыны
7. Білектесу (қол күрес)
8. Мыршым-мыршым
Манашыұлы Тұяқпай жырында:
Балалармен ойнайды
Ойнап жүріп ол бала
Кеудеге ақыл ойлайды» - деп түйіндейді.
Сайысқа қатысқалы отырған 4 топты ортаға шақырамыз.Бүгінгі өткелі отырған сайысымызды әділ бағалау үшін әділ қазы: /                                                            /
1. «Тұлпар» тобы (өздерін таныстырады)
2. «Қыран тобы» (өздерін таныстырады)

3. «Жұлдыз» тобы (өздерін таныстырады)
4. «Қыздарики» тобы (өздерін таныстырады)
Сайысымыздың 2- ші туры «Жамбы ату»
Бұл сайыс мергендер сайысы. Үлкен тойларда арнайы жүлде тағайындалып өткізіледі. Жамбыны атып түсірген адам жүлдеге ие болады.Үлкен тойларда жаяу немесе ат үстінен сырық басындағы теңгені атып түсіру.Ойыншы садақ жебесін нысанаға әрі тез дәл тигізу керек.Біздің ойыншыларымыз ілулі тұрған теңгені көздеп атады.Жебесі дәл тиген жағдайда ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Келесі турымыз «Аударыспақ» деп аталады. Өте көне дәуірден келе жатқан қазақ халқының ұлт ойындарының бірі. «Аударыспақ» ол –қазақ халқының арасында кеңінен тараған ойын. Атқа мінген екі жігіт жекпе-жекке шығып, бірін-бірі аттан аударып тастауға тырысады.
Екі топтан 4 оқушы шығып осы аударыспақ ойынын көрсетеді. Қай топ жеңсе сол топқа ұпай қосылады.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі 4-туры «Ұшты-ұшты» ойыны. Бастаушы оған қатысушыларды жаңылыстыру үшін тез-тез ұшатын, ұшпайтын заттарды араластырып айтады. Шарт бойынша ойнаушылар ұшатын заттарға ғана қолын көтеруге тиісті. Олар ұшпайтын затқа қолын көтеріп қалса, айыбына өз өнерін көрсетеді. Ал біздің ойыншыларымыз жаңылыспай ұшатын ғана затқа қол көтерген жағдайда ұпайға ие болады.
1-топқа Ұшты-ұшты – тарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – жарғақ ұшты
Ұшты-ұшты – үкі ұшты
Ұшты-ұшты – түлкі ұшты
2- топқа.Ұшты-ұшты –бүйрек ұшты
Ұшты-ұшты –үйрек ұшты
Ұшты-ұшты – кекілік ұшты
Ұшты-ұшты – кекілің ұшты
3-топқа. Ұшты-ұшты – іркіт ұшты
Ұшты-ұшты – бүркіт ұшты
Ұшты-ұшты – ебелек ұшты
Ұшты-ұшты – көбелек ұшты
4-топқа. Ұшты-ұшты – қызғыш ұшты
Ұшты-ұшты – сызғыш ұшты
Ұшты-ұшты – тырна ұшты
Ұшты-ұшты – тырма ұшты
Ойынымыздың келесі туры «Теңге алу», «теңге ілу»
Ертеден келе жатқан қазақтың ұлттық ойындарымыздың бірі – «Теңге ілу».Теңге ілу де ат спортына жататын ойынның бірі. Теңге алу ойыны тегіс жерде өткізіледі.Жерде жатқан теңгені атпен шауып келе жатып іліп алу үшін үлкен ептілікті, ат құлағында ойнайтын шабандоздық тәжірибені талап етеді.Теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі. Ертеде үлкендігі ақ тоқымдай киіздің үстінде 50, 20, 15 тиындық майда ақшаларды салып қоятын болған. Сондай кішірек затты ат үстінен еңкейіп көтеріп әкететін адам жеңімпаз атанады.
Енді біздің сайыскерлеріміз шеңбер ішінде тұрған теңгені бір оқушы, бір оқушыны арқалау арқылы тез жүгіріп барып, шапшаңдықпен ептілікпен алулары керек. Екі топтан оқушы ортаға шығады.

«Теңге алу»  жүргізуші ортаға бос бөтелке қойып, бөтелкенің аузына ақша тығып қояды. Шығатын адам бөтелкеден он адымдай қашықтықта тұрып, ұзындығы 50-70 см таяқтың бір ұшын жерге тіреп, екінші ұшына маңдайын қойып, сол тұрған орнында басын алмай он рет айналып болып, бойын ұстап шайқалмай, теңселмей барып бөтелкенің аузындағы ақшаны алуы керек. Егер орта жолда тәлтіректеп кетсе, ойыннан шығады әрі айып төлейді. Айып мөлшері бөтелкенің аузында тұған ақшаның мөлшерінен кем болмауы керек. Келесі адам шыққанда да сөйтеді. Ойындар арасында би биленеді, күй тартылады, ән айтылады. Үздік өнер көрсеткендер сый-сыяпат алады. Тойдың қызықты өтуіне үлкен демей, кіші демей барлық қонақ ат салысады.
Жүргізуші:Сайысымыздың келесі 6-туры «Асық ойыны». Ұлттық ойындары көбінесе әр халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына, шаруашылық мүмкіндіктеріне байланысты қалыптасады.Асық ойындары ұлт ойындарының ішіндегі арғыдан келе жатқан көнелерінің бірі болып табылады. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді.Бұл ойынның шарты бір топ бала, жиналып келіп, тегіс жерге төрт бұрышты сызық сызады.Сол төрт бұрышты ортасынан тең екіге бөледі. 1х1, 5м. Мөлшерде. Асық ататын орын белгілейді.
Ойыншы асықты дәл тигізіп сызықтан шығарса, оны алады да, сақа түскен жерден қайта атады. Егер оның сақасы асыққа тимей кетсе, асықты келесі ойыншы атады.
Ал енді сайыскерлерімізбен асық ату ойынын бастаймыз. Оқушыларымызға ойынның шарты түсінікті болды. Әр топ қанша асық атып алса, сонша ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Сайысымыздың келесі бөлімі «Білектесу» деп аталады. Бұл ойын күш сынасу үшін ойналады. Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі ойыншы оң қолдарының шынтағын столға қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды.Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан, ойын бастаушы белгі берісімен, шынтақтарын сол орынынан қозғамай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған палуан жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.
Ойынды әрі қарай жалғастыру үшін төрт топты ортаға шақырайық.Екі топтан бір-бір ойыншыдан шығып күш сынасады. Барлық ойыншы түгел қатысады.
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы туры «Мыршым-мыршым».
«мыршым-мыршым» ойыны өте ертеден қалыптасып келе жатқан, көбінесе ойын-сауық кештерде ойналатын ойын.Ойыншылар қаншалықты көп болса, ойын соншалықты қызықты болады. Ойынға қатысушылардың жас мөлшеріне қарамай қатыса беруге болады. Ойын жүргізуші ойыншыларды жайғасып отырғаннан кейін бір ойыншыны шығарады.Отырған ойыншылардың біреуінің аузына тиын салынады. Қалған ойыншылардың ауыздарында еш нәрсе жоқ.Ойын жүргізуші айтқан Мырым-мырым деген сөзді қайталайды. Ойыншының аузында тиын бар екенін табу керек. Бұл ойынның негізгі мақсаты оқушыларды байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Оқушыларымыз осы ойынды ойнау үшін ортаға 1-ші топты шақырамыз.Біздің ойыншыларымыз ауыздарына 2 түйір конфет салып алып мырым-мырым деп айтып отырады.Келесі топтан бір оқушы шығып қай оқушының аузында конфет бар екенін табуы керек. Тауып алса ұпай алады. топ кезекпен ойынға шығады
Осы өткізіліп отырған сайысымыздың бағасын беру үшін әділқазы алқасына сөз береміз.
Мәңгі толы қазағымның ғұмыры
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры
Кеше ғана керексіз ғып тастаған
Ғажап екен әдебі мен ғұрыбы
Бүгінгі өткізіп отырған «Қазақтың ұлттық ойындары - халқымыздың мәдени асыл мұрасы» атты сайысымызды аяқтаймыз.

Дайындаған: Арапбаева Индира



Рекомендуем посмотреть ещё:



Мероприятия по дошкольному образованию Мочалка вязанная с поролоном

Эстафеталы? ойындар балаба?шада сценарий Эстафеталы? ойындар балаба?шада сценарий Эстафеталы? ойындар балаба?шада сценарий Эстафеталы? ойындар балаба?шада сценарий Эстафеталы? ойындар балаба?шада сценарий Эстафеталы? ойындар балаба?шада сценарий Эстафеталы? ойындар балаба?шада сценарий Эстафеталы? ойындар балаба?шада сценарий Эстафеталы? ойындар балаба?шада сценарий

ШОКИРУЮЩИЕ НОВОСТИ